26 ақпанда "Кселл" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді

30.12.20 17:58
/KASE, 30.12.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Кселл" АҚ (Алматы) 2021 жылдың 26 ақпанында сағат 15:00-де акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтетіні туралы Биржаға хабарлады. Күн тәртібінде қаралатын мәселе: - компанияның жарғысына өзгертулер енгізу; - компанияның Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы. Аталмыш жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_special_shareholders_meeting_info_260221_10118.pdf [2020-12-30]