"Самұрық-Энерго" АҚ 2020 жылға электр энергиясы мен көмірді өңдеу бойынша жылдық жоспарын мерзімінен бұрын орындағаны туралы хабарлады

30.12.20 15:10
/KASE, 30.12.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2020 жылдың 29 желтоқсанында Биржаға жолдаған баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарлады: цитата басы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның құрамындағы екібастұздық ГРЭС-1 және ГРЭС-2 станциялар а.ж. 24 желтоқсанда электр энергиясын өндірудің 2020 жылғы жоспарын мерзімінен бұрын орындағанын мәлімдеді. Жедел деректер бойынша, жылдық жоспарда белгіленген 30 413 995 мың кВтсағаттың орнына жалпы өндіру көлемі 30 531 153 мың квтсағатты құрады, яғни 100,4 %. Энергетиктердің кәсібилігі мен станцияларда орнатылған жабдықтың сенімді жұмыс істеуі сондай-ақ Өзбекстан мен Қырғызстанға 1 050 млн кВтс электр энергиясын жеткізуге, соның ішінде Сырдария өзенінің төменгі ағысында вегетациялық суаруды қамтамасыз ету мақсатында қырғызстандық су қоймаларынан қосымша су жіберілуі үшін Қырғызстанмен тауар алмасу аясында жаз айларында 300 млн кВтс электр энергиясын жеткізуге мүмкіндік берді. цитата соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_291220.pdf [2020-12-30]