"Кредит Time" шағын қаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00007248 (MFKTb1) облигациялары KASE балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

28.12.20 11:39
/KASE, 28.12.20/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2020 жылдың 28 желтоқсанында "Кредит Time" шағын қаржы ұйымы" ЖШС (Ақтөбе) KZ2P00007248 (1 000 теңге, 500,0 млн теңге; 2 жыл; тоқсандық купон,жылдық 20,00 %, 30/360) облигациялары KASE балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті. Листингілік комиссияның осы шешімі өз күшіне енген датасы туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша хабарланады. "Кредит Time" шағын қаржы ұйымы" ЖШС қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "Halyk Global Markets" АҚ ("Қазақстан халық банкі" еншілес ұйымы) (Алматы) болып табылады. "Кредит Time" шағын қаржы ұйымы" ЖШС негізгі қызметі шағын несие ұсыну болып табылады. Аталмыш акцияларға тиісінше MFKTb1 қысқартылған белгілері берілді. Аталмыш акцияларды шығарылым туралы толығырақ ақпарат, Листингілік комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң, KASE интернет-сайтында жарияланады. [2020-12-28]