Қазақстан қор биржасында "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" Ипотекалық Ұйымы" АҚ KZ2C00007094 (KZIKb33) 100,0 млн облигациясын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық 25 желтоқсаннан 29 желтоқсанға ауыстырылды

25.12.20 10:50
/KASE, 25.12.20/ –Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE сауда-саттық жүйесінде "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" Ипотекалық Ұйымы" АҚ (Алматы) KZ2C00007094 (KASE балама алаңы, "облигациялар" санаты, KZIKb33) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық 2020 жылдың 25 желтоқсанынан 29 желтоқсанына ауыстырылғаны туралы хабарлайды. -------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздар тұрпаты: купондық облигациялар ISIN: KZ2C00007094 KASE сауда-саттық коды: KZIKb33 Номиналдық құны, теңге: 1 000,00 Шығарылым көлемі, млн теңге: – тіркелген: 100 000 000 000 – орналастырылған: – Айналыста болудың басталуы: арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізудің алғашқы күні Өтеудің басталу күні кейінірек анықталады Айналыста болудың соңғы күні: кейінірек анықталады Айналыста болу мерзімі: 12 жыл (4 320 күн) Купон мөлшерлемесі жылдық 6,02 % Купонды төлеу мерзімділігі жылына 1 рет Купон төлеуді бастау күні: кейінірек анықталады жылына 1 рет Уақыттық базасы: 30 / 360 -------------------------------------------- ----------------------- Сауда-саттық күні: 29.12.20 Жарияланған орналастыру көлемі 100 000 000 000 Лот көлемі, дана 1 Сауда-саттық заты: "таза" бағасы Сатуға өтінім түрлері: шектелімді Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–12:00 Өтінімдерді растау уақыты: 10:00–12:00 Кесім уақыты: 12:30 (Т+0) Төлем уақыты: 29.12.20, 12:30 Өтінімдердің бағасына байланысты шектеулі бірыңғай кесімді өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: баға бойынша Өтінімдердің беру кезегіне байланысты ASTS+ сауда-клирингілік жүйесінде шектеулі өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: сауда-саттық жүргізу әдістері туралы қағиданың 28 б. 6 т. сәйкес Сауда-саттық бастамашысы "Альфа-Банк" ЕБ АҚ -------------------------------------------------------------------- Өтінімде баға ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейін дәлдікпен облигацияның "таза" бағасы көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны данамен белгіленуі тиіс. Қаржы құралының саны өтінімде лот көлеміне тең немесе кесімді болуы тиіс. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялардың туынды саны және бір облигацияның таза емес бағасы көрсетілуі тиіс. Сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида мәтіні http://www.kase.kz/files/normative_base/methods.pdf мекен-жайында жарияланған. Мәміленің көлемі http://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf жарияланған Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелердің сомаларын есептеу әдістеменің 4 тарауына сәйкес есептеледі. Есеп айырысулар "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ өз ережелерінің жинағы негізінде жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы сатып алған бағалы қағаздарға төлемді "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ шотында болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа қатысу өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері бере алады. Өзге инвесторлар сол заңды тұлғалар арқылы бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен- жайы бойынша жарияланған. ASTS+ сауда-саттық клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдісі туралы қағида https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS.pdf мекен-жайында жарияланады. Аталмыш облигациялардың толық шығарылымы туралы ақпаратпен https://kase.kz/ru/bonds/show/KZIKb33/мекен-жайында танысуға болады. [2020-12-25]