"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ "Qaz Carbon" (Каз Карбон) ЖШС ҚДБ қаржыландыруымен агломерациялық фабрикасы бар жаңа ферроқорытпа зауыты салынады

22.12.20 12:18
/KASE, 22.12.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстанның Даму Банкі" (Нұр-Сұлтан) Биржаға жолдаған 2020 жылдың 22 желтоқсанындағы баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасын ұсынды: цитата басы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы, бұдан әрі – Банк, ҚДБ) агломерациялық фабрикасы бар жаңа ферроқорытпа зауытын салуға «Qaz Carbon» ЖШС-не (бұдан әрі - Қарыз алушы) кредиттік желісін ашты. Жоба индустриялық-инновациялық дамудың 2015-2019 мемлекеттік бағдарламасының шарттарына сәйкес келеді және «Бизнестің жол картасы-2025» кәсіпкерлікті қолдау өңірлік картасына енгізілген. Жобаның жалпы құны 36,8 млрд теңгені құрады, Қарыз алушының меншікті қатысу үлесі – 7,2 млрд теңге, Банк тарапынан қаржыландыру сомасы 29,6 млрд теңгені құрайды. Бұл ретте қарызды сақтандыруды 11,5 млрд теңге сомасына «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ жүзеге асырады, бұл еліміздің екі қаржы институтының табысты синергиясының көрсеткіші болып табылады. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_reliz_221220_1.pdf [2020-12-22]