KASE студенттер арасында "Биржалық симулятор" оқыту жобасының қатысушыларына марапаттау рәсімін өткізді

20.12.20 14:37
/KASE, 20.12.20/ – 2020 жылдың 15 желтоқсанында Қазақстан қор биржасы (KASE) "Биржалық симулятор" оқыту жобасының қатысушыларына марапаттау рәсімін өткізді. Іс-шара онлайн режимінде, Zoom бағдарламасы арқылы өткізілді. Бір ай бойы, 16 қарашадан 15 желтоқсанға дейін 40 ЖОО студенттері (1 147 студент) бірінші орын үшін күресті. Олардың әрқайсы басқаруға виртуалды бір миллион теңге және 10-нан астам өтімді акцияларды сату-сатып алуға мәміле жасауға рұқсат алды (нақты тізімі төменде берілген). Конкурстың қорытындысы бойынша келесі адамдар жеңімпаз болып табылды: 1) Исаханов Джохангир, Қазақ-Неміс университетінің студенті – финалдық қоржыны 2 301 179 теңгені құрады; 2) Сматов Смаил, Назарбаев Университетінің студенті – финалдық қоржыны 2 286 519 теңгені құрады; 3) Отт Артем, Қазақ-Неміс университетінің студенті – финалдық қоржыны 1 988 934 теңгені құрады; 4) Нұрахметов Дилмурат, "Туран" университетінің студенті – финалдық қоржыны 1 834 340 теңге; 5) Жалынбет Нурсултан, "Нархоз" университетінің студенті – финалдық қоржыны 1 645 668 теңге; 6) Мажитов Сакен, Казпотребсоюз Қарағанды экономикалық университетінің студенті – финалдық қоржыны 1 571 463 теңге; 7) Исмаилова Сарра, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенті – финалдық қоржыны 1 529 098 теңге; 8) Ротнова Вероника, Қазақ-орыс халықаралық университетінің студенті – финалдық қоржыны 1 415 788 теңге; 9) Мельникова Анастасия, "Тұран" университетінің студенті – финалдық қоржыны 1 412 795 теіге; 10) Мағазбеков Дос, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті – финалдық қоржыны 1 386 764 теіге. 2020 жылы жобаны төрт серіктес – нарықтың кәсіби қатысушылары қолдады. Жеңімпаздар келесі сыйлықтарға ие болды: - "Банк ЦентрКредит" ЕБ "BCC Invest" АҚ – екі жеңімпаз студентке төленетін тәлімдемеден өту; - "Сентрас Секьюритиз" АҚ – екі жеңімпаз студентке төленетін тәлімдемеден өту; - "Freedom Finance" Инвестициялық компаниясы" АҚ – "Қалай инвестициялау керек, инвестициялау өнері" атты тақырыпта сауда- саттық басталғанша барлық сутденттерді жалпы оқыту және бес жеңімпаз студентті тереңдетіп оқыту; - Refinitiv – сауда-саттық қорытындысы бойынша бірінші орын алған 100 студентке халықаралық терминалға рұқсат беру. Биылғы жылы жоба 12-ші рет орындалуда. Студент жастардың Биржалық симуляторға деген қызығушылығы артуда – жобаның бүкіл тарихында Қазақстаннан, алыс және таяу шет елдерден 80 ЖОО-нан сегіз жарым мың студент қатысты. Төменде 2020 жылдың 16 қарашадан 15 желтоқсанға дейінгі кезеңде жасалған барлық мәмілелер бойынша ақпарат ұсынылған: -------------------------------------------- Сауда-саттық коды Мәміле саны Көлемі, теңге ----------------- ----------- -------------- BAST 332 50 378 693 CCBN 1 587 386 303 554 GB_KZMS 2 387 956 017 235 HSBK 3 953 2 055 454 558 KCEL 1 366 359 121 853 KEGC 1 675 622 170 160 KZAP 1 839 1 064 566 126 KZTK 2 681 1 526 727 833 KZTO 3 770 1 952 711 766 RU_SBER 2 229 1 374 369 278 RU_VTBR 809 43 609 159 US_BAC_ 2 283 1 131 477 045 ----------------- ----------- -------------- Барлығы 24 911 11 522 907 260 -------------------------------------------- Сауда-саттық қорытындысы бойынша мәміленің жалпы көлемі 11 522,9 млн теңгені құрады, 24 911 мәміле жасалды. Бір адамға ең көп мәміле көлемі 1 568 млн теңге, бір қатысушыға ең көп мәміле саны – 1 147. Ең көп қатысушыларды Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті қамтамасыз етті – 165 пайдаланушы. Белсенділік танытқан Қазақ-Британ техникалық университетінің студенттері – 72 % белсенді қатысушы. Анықтама үшін: Жоба мақсаты – жас мамандардың біліктілігін арттыру және оларға қор нарығында практикалық дағды қалыптастыруға көмектесу. Студенттердің негізгі мақсаты – конкурстың жеңімпазын анықтайтын, үздік қоржын қалыптастыру. Аталмыш конкурсты KASE компаниялар тобы 2008 жылдан бастап жүргізеді. [2020-12-20]