"ForteBank" АҚ Moody's Investors Service агенттігі банктің рейтингілік бағалауларын "В1" деңгейінен "Ba3" деңгейіне дейін көтергені туралы хабарлады, болжамы "Тұрақты"

20.12.20 11:21
/KASE, 20.12.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ForteBank" АҚ (Алматы), 2020 жылдың 20 желтоқсанындағы Биржаға жолдаған баспасөз хабарламасының толық мәтіні KASE интернет-сайтында жарияланды: ... Moody’s Investors Service ("Moody’s") халықаралық рейтингілік агенттігі ForteBank ұзақ мерзімді несие рейтингін кезекті рет В1 деңгейінен Ba3 деңгейіне дейін көтергені туралы хабарлады, болжам "Тұрақты". Өткен жылдың шілде айында Moody’s рейтингілік агенттігі ForteBank депозиттері бойынша ұзақ мерзімді рейтингін В3 деңгейінен В1 деңгейіне дейін көтерді. Болжам "Тұрақты". Moody’s сарапшылары хабарлағандай, ForteBank рейтингін көтеру Қазақстандағы экономикалық белсенділік төмендеуіне және коронавирусты тежеу шараларымен байланысты бизнестегі қиындықтарға қарамастан, банкті қаржыландыруды және банктің мықты өтімділігін тұрақты жақсартумен түсіндіріледі. ... Толық ақпарат – https://kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_reliz_201220_1.pdf [2020-12-20 -