"Halyk Finance" АҚ жеке инвесторларға Halyk Invest мобильдік қосымшасын ұсынады

15.12.20 16:44
/KASE, 15.12.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы, тақырыптамада және әрі қарай – "Halyk Finance" АҚ), Қазақстан қор биржасына төмендегі туралы хабарлады: ... "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" акционерлік қоғамы ("Halyk Finance" АҚ) жеке инвестициялық мобильдік қосымшасын іске қосу туралы хабарлады. Halyk Invest мобильдік қосымшасы қызметі қашықтықтан мобильдік шот ашуға және жергілікті нарықта – Қазақстан қор биржасында (KASE) және "Астана" Халықаралық қаржы орталығында (AIX) сауда-саттық операцияларын жүргізуге мүмкіндік береді. ... Ақпараттық хабарламаның толық нұсқасы KASE интернет-сайтында – https://kase.kz/files/emitters/HFIN/hfin_reliz_151220_1.pdf мекен-жайында жарияланған. [2020-12-15]