/KASE, 11.12.2020/ – "Қазақстан қор биржасы" (KASE немесе биржа),
хабарлайды: 2020 жылдың 11 желтоқсанында сырттай дауыс беру арқылы
акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтті, онда төмендегі
шешімдер қабылданды:
1. Марич Игорь Леонидовичтің Биржаның Директорлар кеңесінің мүшесі,
тәуелсіз директоры ретінде өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын.
2. Биржаның Директорлар кеңесінің сандық құрамы – адам анықталсын,
оның ішінде:
- Директорлар кеңесінің үш сайланбайтын мүшесі (Қазақстан
Республикасының "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заңының 84
бабы 4 тармағы негізінде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу, бақылау және қадағалау уәкілетті органы және Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкінен өкілі және Биржа Жарғысының 17
бабы 3-тармағы 2) тармақшасы негізінде Биржа Басқармасы Төрағасы
(лауазымы бойынша);
- Биржа акционерлерінің мүдделерінің төрт өкілі;
- Биржаның үш тәуелсіз директоры.
3. Биржаның Директорлар кеңесінің қалған мүшелерінің уәкілеттік
мерзімімен бір уақытта бітетін өкілеттік мерзімімен, Биржаның
Директорлар кеңесінің мүшесі етіп Марич Игорь Леонидович сайлансын.
4. Биржаның Директорлар кеңесінің қалған мүшелерінің уәкілеттік
мерзімімен бір уақытта бітетін өкілеттік мерзімімен, Биржаның
Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры етіп Виллемс Ян
сайлансын.
5. Биржа акционерлерінің сырттай дауыс беру арқылы өткізілген, жалпы
жиналысының хатшысы болып – Биржианың корпоративтік хатшысы
(лауазым бойынша) сайлансын.
Аталмыш жиналыстың өткізілуі туралы хабарлама Биржаның интернет-
сайтында
https://kase.kz/files/for_shareholders/meeting_111220.pdf мекен-
жайында жариялансын.
Биржаның акционерлерінің аталмыш жиналыс шешімдері туралы
Биржаның интернет-сайтында
https://kase.kz/ru/press_releases/ мекен-
жайында жариялансын.
[2020-12-11]