"КазТрансОйл" АҚ және " Каспий Құбыр Консорциумы" АҚ 2021 жылғы ынтымақьастық туралы мәселені талқылады

10.12.20 21:44
/KASE, 10.12.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "КазТрансОйл"АҚ (Нұр-Сұлтан) 2020 жылдың 10 желтоқсанындағы баспасөз хабарламасын Биржаға ұсынды: ... «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов пен «Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ бас директоры Николай Горбань Қазақстан Республикасының аумағындағы «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ мұнай құбыры жүйесі объектілеріне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және авариялық ден қою бойынша қызметтер көрсетуге арналған келісімшарттың орындалуы мәселелерін талқылады. Тараптар, сондай-ақ, 2021 жылғы ынтымақтастықтың басымдықтарын белгіледі. Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ-пен 2018-2023 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының аумағындағы «Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ мұнай құбыры жүйесі объектілеріне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және авариялық ден қою бойынша қызметтер көрсету келісімшартына қол қойған болатын. ... [2020-12-11]