/KASE, 09.12.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2020 жылдың 14
желтоқсанынан бастап, SPDR Gold Trust инвестициялық қоры шығарған
US78463V1070 (US_GLD_) SPDR Gold Shares жай акцияларымен сауда-
саттық ашылатындығын хабарлайды.
Аталмыш акциялармен баға белгілеу дәлдігі KASE сауда-саттық жүйесінде
қазақстандық теңгемен көрсетілген, акциялар бағасының екінші ондық
белгісіне дейін белгіленген.
Аталмыш бағалы қағаздар шығарылымы туралы толық ақпарат KASE
интернет-сайтында
https://kase.kz/ru/mifs/show/US_GLD_/ мекен-жайында
жарияланады.
[2020-12-09]