14 желтоқсаннан бастап SPDR Gold Trust инвестициялық қоры шығарған US78463V1070 (US_GLD_) SPDR Gold Shares акцияларымен Қазақстан қор биржасында сауда-саттық ашылады

09.12.20 20:08
/KASE, 09.12.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2020 жылдың 14 желтоқсанынан бастап, SPDR Gold Trust инвестициялық қоры шығарған US78463V1070 (US_GLD_) SPDR Gold Shares жай акцияларымен сауда- саттық ашылатындығын хабарлайды. Аталмыш акциялармен баға белгілеу дәлдігі KASE сауда-саттық жүйесінде қазақстандық теңгемен көрсетілген, акциялар бағасының екінші ондық белгісіне дейін белгіленген. Аталмыш бағалы қағаздар шығарылымы туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/mifs/show/US_GLD_/ мекен-жайында жарияланады. [2020-12-09]