KASE Басқармасы Altyn PLC KZX000000286 (GB_ALTNe1) KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім қабылдады
08.12.20 11:53
/KASE, 08.12.20/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссияның 2020 жылдың 07 желтоқсанындағы шешімімен Altyn PLC
(Лондон) KZX000000286 ($100, $10,0 млн; 10.12.19 – 10.12.22;
жартыжылдық купон, жылдық 9,00 % АО "Фридом Финанс"; 30/360)
облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының
"коммерциялық облигациялар" санаты бойынша енгізілді.
Аталмыш облигациялардың іске қосу бастамашысы "Фридом Финанс" АҚ.
Аталмыш облигациялардың KASE сауда-саттықтарының ашылуы туралы
қосымша хабарланады.
Аталмыш Басқарманың шешімінің күшіне енгізілуі туралы қосымша
хабарланады.
Aталмыш облигацияларға GB_ALTNe1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық
коды) берілді.
Aталмыш облигациялар "Астана" Халықаралық қаржы орталығының
қолданыстағы заңдарына сәйкес шығарылған.
Altyn PLC негізгі қызмет түрі – алтын өндіру және сату.
Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
жуырдағы уақытта KASE интернет-сайтында жарияланады.
[2020-12-08]