/KASE, 07.12.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
2020 жылдың 03 желтоқсанындағы шешімімен Еуропа даму және қайта
құру банкі XS2264979431 (60,0 млрд тенге, 08.12.20 – 08.12.29;
жылжымалы жартыжылдық купон, Қазақстан Республикасындағы
жартыжылдық инфляциясына тең + 1 %; 30/360) халықаралық
облигациялары KASE ресми тізіміне "Халықаралық қаржы ұйымдарының
бағалы қағаздары" секторы бойынша енгізуге келісім берілді.
Аталмыш облигациялардың рұқсаттама бастамашысы "Tengri Partners
Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ болып табылады.
Аталмыш шешім 2020 жылдың 07 желтоқсанынан бастап күшіне енеді.
Аталмыш облигациялардың сауда-саттығы ашылуы туралы Қазақстан қор
биржасында қосымша жарияланады.
Осы облигацияларға EBRDe13 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE
интернет-сайтында
http://kase.kz/ru/issuers/EBRD/ жуырдағы уақытта
жарияланады.
[2020-12-07]