"Қазақстан Даму банкі" АҚ KZ2C00007102 (BRKZb21) облигациялары KASE негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

04.12.20 17:38
/KASE, 04.12.20/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2020 жылдың 04 желтоқсанында "Қазақстан Даму банкі" АҚ (Нұр-Сұлтан) KZ2C00007102 (1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 7 жыл; жарты жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы арнайы мамандандырылған сауда-саттық қорытындысы бойынша анықталады) облигациялары KASE негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті. Листингілік комиссияның осы шешімі өз күшіне енген датасы туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша хабарланады. "Қазақстан Даму банкі" АҚ қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш акцияларға тиісінше BRKZb21 қысқартылған белгілері берілді. Аталмыш акцияларды шығарылым туралы толығырақ ақпарат, Листингілік комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң, KASE интернет-сайтында жарияланады. [2020-12-04]