21 қаңтарда "Кристалл Менеджмент" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді

04.12.20 11:03
/KASE, 04.12.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Кристалл Менеджмент" АҚ (Алматы) 2021 жылдың 21 қаңтарында акционерлердің сырттай дауыс беру арқылы кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтетіні туралы Биржаға хабарлады. Күн тәртібінде қаралатын төрт мәселе, оның ішінде, қоғамның Директорлар кеңесінің құрамын өзгерту туралы мәселе. Аталмыш жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/CRMG/crmg_special_shareholders_meeting_info_210121_49420.pdf [2020-12-04]