АЗИЯ ДАМУ БАНКІ ӨЗІНІҢ XS2251962499 (ASDBe5) "ЖАСЫЛ" ОБЛИГАЦИЯЛАРЫНА ЖАЗЫЛЫМ ЖҮРГІЗУ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫНДА ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ КУПОНЫНА 10,12 % МАРЖАМЕН 3,9 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАРЖЫ ТАРТТЫ

19.11.20 20:44
/KASE, 19.11.20/ – Бұрын хабарланғандай, 2020 жылдың 13 қарашасы күні Қазақстан қор биржасында (KASE) сауда-саттық жүйесінің "Жазылым" модулінде Азия даму XS2251962499 (ASDBe5, 1 теңге, до 3 875 505 000 теңге, 19.11.20 – 22.01.23, actual/360) халықаралық "жасыл" облигацияларына жазылым жүргізу арқылы бастапқы орналастыру бойынша сауда-сатттықтар өткізілді. Аталмыш облигацияларына жазылым жүргізу барысында сатушысы ретінде "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" болды. Жазылымға өтінім қабылдау 2020 жылдың 13 қарашасында алматы уақытымен сағат 9:30 -дан 11:00-ге дейін (ALT) жүргізілді. Орналастыруға номиналды құны 3 875 505 000 теңгені құрайтын (номиналды құны 1 теңгеден 3 875 505 000 данаға дейін) облигациялары ұсынылды. Жазылым аясында KASE сауда-саттық жүйесіне жабық әдіспен берілген, шектеулі және нарықтық өтінімдер қабылданды. Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру деңгейі – 30 %. Өтінімде баға ретінде облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген жарты жылдық купонға тиянақталған маржасының мәні екінші ондық таңбасына дейін дәлдікпен көрсетілген. Нарықтық өтінімдер болған жағдайда баға ретінде "нарық бойынша кірістілігі" көрсетіледі, қаржы құралдарының саны ретінде – теңгемен номиналдық құны көрсетілді. Жазылым жүргізу шарттарымен сатып алушыларға облигациялардың максималды саны бойынша шектеулер қойылмаған. Сауда-саттық жүйесіне барлығы жеті шектеулі өтінім номиналдық құны 10 968 000 000 теңгеге облигацияларды сатып алуға берілді, олардың бәрі өтінімдерді жинақтау аяқталған сәтте белсенді деп танылды. Берілген өтінімдердегі өтеу кірістілігі жылдық 10,05–10,19 %, өтеуге орташа сараланған кірістілігі жылдық 10,14 % құрады. Жазылым кезінде жиынтық сұранымы 10 968 000 000 теңгені құрады, ол ұсыным көлемінің 283,0 % құрады. Екінші деңгейдегі банктердің (ЕДБ) белеснді өтінімдерінің жалпы көлеміне 63,8 %, өзге институционалдық инвесторларға – 36,2%. Орналастыру нәтижесі бойынша жалпы сомасы 3 875 505 000 теңгеге үш өтінім қанағаттандырылды. Эмитент 3 875 505 000 облигацияларды орналастырды, өтеу кірістілігін 10,12 % деңгейінде анықтады. "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) мәліметтері бойынша жазылым нәтижесінде жасалған барлық мәмілелер осы ақпаратты жариялау сәтіне орындалып, жазылым аяқталды. Сонымен қатар, тарту көлемі бойынша ЕДБ - 75,0 %, 25,0 % – институционалдық инвесторлар сатып алды. [2020-11-19]