"Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі АҚ ақша аударымдары саласындағы өзінің мүмкіндіктері туралы хабарлады

02.11.20 17:57
/KASE, 02.11.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі (Алматы), Биржаға жолдаған 2020 жылдың 02 қарашасындағы баспасөз мәлімдемесін хабарлады: цитата басы Банктердің ақша аударымдары саласындағы жаңа мүмкіндіктері трансшекаралық ақша ағындарының өсуіне әкелуде. Бұл нарықтағы көшбасшылардың бірі телефон нөмірі бойынша Ресейге ақша аудару бойынша ыңғайлы сервисті, сондай-ақ Орталық Азия елдеріне тиімді онлайн- аударымдарды ұсынатын Сбербанк Қазақстан болып табылады. LS интернет-басылымы ҚР Ұлттық Банкінің деректеріне сілтеме жасай отырып, пандемияға, шекаралардың жабылуына және экономикалық белсенділіктің баяулауына қарамастан, қыркүйек айында Қазақстаннан басқа елдерге 93,2 млрд теңгеден астам қаражат аударылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28 млрд теңгеге артық. Бұл ретте қаражаттың басым бөлігі Қырғызстанға – 22,6 млрд теңге және Ресейге – 22,3 млрд теңге жіберілді. Сондай – ақ, Қазақстаннан қомақты қаржы көлемі Түркияға – 17,7 млрд теңге, Өзбекстанға – 17,1 млрд теңге және Қытайға-4,7 млрд теңге аударылды. цитата соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы https://kase.kz/files/emitters/SBER/sber_reliz_021120.pdf мекен-жайында жарияланған. [2020-11-02]