"КазТрансОйл" АҚ Қазақстан Республикасының ішкі нарығына «ҚАЗТРАНСОЙЛ» АҚ магистральдық құбырларымен мұнай айдау қызметіне тарифті бекіту туралы хабарлады

30.11.20 14:53
/KASE, 30.11.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "КазТрансОйл"АҚ (Нұр-Сұлтан) 2020 жылдың 30 қарашасындағы баспасөз хабарламасын Биржаға ұсынды: цитата басы Осымен «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының 2020 жылғы 27 қарашадағы №71-НҚ бұйрығымен «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық құбырлар жүйесі бойынша Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай айдау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметке 2021-2025 жылдарға арналған тарифтік смета мен тариф 1000 км 1 тонна үшін (ҚҚС- сыз) 4 355,57 теңге мөлшерінде бекітілгенін хабарлайды. Аталған тариф 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. цитата соңы [2020-11-30]