27 қараша күні Қазақстан қор биржасы KIBOR, KIBID, KIMEAN индикаторлары бойынша баға белгілеулер болмағанына байланысты, олардың мәндерінесептеген жоқ

27.11.20 18:56
/KASE, 27.11.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2020 жылдың 27 қарашасында банкаралық депозиттер нарығының индикаторлары, KASE сауда-саттық жүйесінде ақшаларды депозиттерді орналастыру мөлшерлемелері бойынша баға белгілеулер болмағанына байланысты, есептелмегені туралы хабарлайды. Аталмыш баға белгілеулер сауда-саттыққа қатысушыларымен KASE сауда- саттық жүйесінде жарияланып, олардың негізінде 16:00 ALT қазақстандық банкаралық депозиттер нарығының индикаторларының келесі мәндері есептеледі: KIBOR – орналастыру мөлшерлемелері бойынша орташа мәні; KIBID – тарту мөлшерлемелері бойынша орташа мәні; KIMEAN – орналастыру мен тарту мөлшерлемелері арасындағы орташа мән. Баға белгілеудің минималды көлемі – 15 млн теңге. Баға белгілеулер инжикативті болып табылады, яғни, қатысушыларды аталмыш шарттармен мәміле жасасуға міндеттемейді. Қазақстандық банкаралық депозиттер нарығының соңғы есептелген индикаторлары KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/money_market/kibor/ мекен-жайы бойынша жарияланған. [2020-11-27]