KASE Басқармасы Сауда-саттық регламенті және бақылау және қамтамасыз ету жүйесінің жұмысы атты құжатына енгізілген түзетулерді бекітті

26.11.20 14:16
/KASE, 26.11.20/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) 2020 жылдың 24 қарашасындағы шешімміен "Сауда-саттық регламенті және бақылау және қамтамасыз ету жүйесінің жұмысы" (Регламент) атты KASE ішкі құжатына енгізілген № 2 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді, осы түзетулер 2020 жылдың 30 қарашасынан бастап қолданысқа енгізіледі. Түзетулермен, соның ішінде, келесілер қарастырылған: - шетел валюталары нарығының қаржы құралдары үшін лот көлемі бірлік ретінде белгіленді; - шетел валюталарының сауда-саттықтарын, соның ішінде валюталық своп операциялары мен шетел валюталарымен операциялар өткізгенде лоттардың минималды саны белгіленді; - айсберг-өтінім беру мүмкіндігіне орай, шетел валюталарының саужда- саттығын өткізгенде лоттардың көзге көрінетін минималды саны белгіленді; - установлено время начала и время окончания аукциона открытия по финансовому инструменту USDKZT_TOM қаржы құралы бойынша ашылу аукционын бастау және аяқтау уақыты белгіленді; - "валюталық своп операциялары" (жеті күн, бір ай, үш ай, алты ай және бір жыл стандартталған мерзімдерімен АҚШ долларына қатысты операциялар) және "шетел валюталарымен операциялар" (стандартталған мерзімдері бір күн және екі күн стандартталған мерзімдермен АҚШ доллары, еуро, Ресей рублі және Қытай юаніне қатысты операциялар) ұғымдары ажыратылды; - USDKZT_0_001 және USDKZT_1_001 қаржы құралдары бойынша қосымша сауда-саттық сессияларын өткізу белгіленді; - CNYKZT_TOD қаржы құралы бойынша сауда-саттық уақыты бір сағатқа ұзартылды – Алматы уақытымен сағат 12.00-ге дейін; - Шетел валюталары нарығында жеткізілімді фьючерстерінің сауда- саттығын өткізу уақыты белгіленді – Алматы уақытымен 10.15-тен 17.00- ге дейін; - Бірінші мәміле бойынша есептесу күні Т+1, валюталық своп операциялары мен шетел валюталарымен операциялар бойынша сауда- саттықтар өткізудің уақыты ұзартылып, шарттары өзгертілді: сауда- саттықтар әр жұмыс күні Алматы қаласының уақытымен 11.30-дан 17.00- ге дейін; - АҚШ доллары бойынша лоттардың минималды санының көлемдері бойынша нақтылаушылық түзетулер енгізілді (прогрессивті лот). Регламенттің жаңартылған мәтіні жуырдағы уақытта KASE интернет- сайтында "KASE Ережелері" бөлімінде жарияланады – https://kase.kz/ru/kase_rules/ [2020-11-26]