27 қарашадан бастап "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" Ипотекалық ұйымы" АҚ KZ2С00007094 (KZIKb33) және "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ KZ2C00007151 (SKKZb25) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізілді

27.11.20 15:50
/KASE, 27.11.20/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссияның 2020 жылдың 25 қарашасындағы шешімімен келесі облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізілді: - "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" Ипотекалық ұйымы" АҚ (Алматы) KZ2С00007094 (KZIKb33; 1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 12 жыл; тоқсандық купон, жылдық 0,1 %; 30/360) - "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ(Нур-Султан) KZ2C00007151 (SKKZb25; 1 000 теңге, 129,2 млрд теңге; 3 жыл; тиянақталған жартыжылдық купон; 30/360). Листингілік комиссияның осы шешімі 2020 жылдың 27 қарашасынан бастап өз күшіне енді. Аталмыш облигациялардың KASE сауда-саттықтарының ашылуы туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат жуырдағы уақытта KASE интернет-сайтында жарияланады – - https://kase.kz/ru/issuers/KZIK/ - https://kase.kz/ru/issuers/SKKZ/ [2020-11-27]