"Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық компаниясы" АҚ 2020 жылдың 30 қыркүйегіне аяқталған үш айына және тоғыз айына қаржылық нәтижелері туралы хабарлады

27.11.20 15:38
/KASE, 27.11.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізіміне енгізілген, "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық компаниясы" АҚ (Нұр-Сұлтан) Биржаға жолдаған 2020 жылдың 27 қарашасындағы баспасөз мәлімдемесін ұсынды: цитата басы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») аудитордың шолып тексеруімен Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес дайындалған 2020 жылғы 320 қыркүйегіне аяқталған жағдай бойынша 3 айға және тоғыз айына аудиттелмеген шоғырландырылған қаржылық есептілікті (қаржылық есептілікті) жариялады. Бұл құжат компанияның корпоративтік интернет-ресурсында қолжетімді:www.kazatomprom.kz/ru/investors/finansovaya_otchetnost 3 және 9 ай үшін аралық қаржылық есептілікті жариялау Лондон қор биржасының (LSE) немесе Astana International Exchange (AIX) биржасының Қазатомөнеркәсіпке қолданылатын листингтік талабына жатпайды, алайда Компания қаржылық есептілікті Қазақстан заңнамасының реттеушілік талаптарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан қор биржасында (KASE) листинг жасалатын облигациялар және ағымдағы кредиттік келісімдер (ковенанттар) бойынша белгілі бір міндеттемелерді орындау үшін тоқсан сайын жариялауы қажет. Жергілікті реттеуші органдарға қаржылық есептілікті ұсынғаннан кейін мұндай есептілік жария болады, сондықтан бұл Компанияның мерзімді ашылуының бір бөлігі болып табылады. Жоғарыда көрсетілген міндеттемелерді орындау Қаржылық жай-күйі мен аралық қызмет нәтижелерін талдауды (OFR) дайындауды талап етпейді. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында – https://kase.kz/files/emitters/KZAP/kzap_reliz_271120_1.pdf [2020-11-27]