"Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі Istanbul Fintech Week 2020-да цифрлық банкингті дамытудың келешегі туралы көзқарастарымен бөлісті

27.11.20 14:11
/KASE, 27.11.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі (Алматы), биржаға 2020 жылдың 27 қарашасында жолдаған баспасөз мәлімдемесін жарияланды: цитата басы Қазір мобильді банктерді қаржылық өнімдерді ілгерілетуге арналған арна ретінде дамытудың мәні жоқ деп санайды Сбербанк Қазақстанның Басқарушы директоры Әмірхан Чиканаев. Ол өз ойын Istanbul Fintech Week 2020 халықаралық форумының digital банк және мобильді банктік шешімдерді дамытуға арналған секциясында жеткізді. Сарапшының сөзінше, ұялы телефондар клиенттердің ажырамас серігіне айналды және технология қарқынды даму үстіне, яғни қаржы институттары да заман ағымына қарай жұмыс істеп жатыр, мобильді банктердің күнделікті қолданысқа енуі қалыпты жағдай. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы https://kase.kz/files/emitters/SBER/sber_reliz_271120_kz_2.pdf мекен-жайында жарияланған. [2020-11-27]