"Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі және BI Group "Ерекше ипотека" жаңартылған бағдарламасы нұсқасын іске қосты

27.11.20 13:23
/KASE, 27.11.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі (Алматы), биржаға 2020 жылдың 27 қарашасында жолдаған баспасөз мәлімдемесін жарияланды: цитата басы BI Group холдингі Сбербанкпен бірлесіп, «Ерекше ипотека» бағдарламасының жетілдірілген нұсқасын іске қоспақ. Бағдарламаның жетілдірілген нұсқасында несие берудің ең жоғарғы сомасы 25 млн теңгеден 70 млн теңгеге дейін ұлғайтылып, Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорынан кепілдеме алу қажеттілігі түріндегі шектеу алынып тасталды. Бағдарлама бойынша 15 жылға дейін несие беріледі. «Ерекше ипотека» бағдарламасы басталғаннан бері жақсы нәтижелер көрсетті. Біз бағдарлама аясында 6 ай ішінде 3,5 миллиардтан астам теңгені игердік. Клиенттеріміз тарапынан бұл бағдарламаға деген қызығушылықты байқап жүрміз. Сондықтан да Сбербанкпен бірге ипотекалық несиені жетілдіріп, клиенттеріміздің қатарын молайтуды қолға алдық. Біз қаржыландыруға байланысты шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдадық. Оған себеп – тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының кепілдігі барлық нысанды қамтымайды әрі бұл аса қолайлы болмай шықты, сонымен қатар клиенттеріміздің таңдауына ерік бермеді. Бағдарлама мемлекет меншігінде болмаса да, сыйақы мөлшерлемесі бойынша басқа ұқсас бағдарламалардан кем түспейді. Бұған дейін комфорт-класс жобалары мен одан жоғары деңгейдегі үйлер үшін бізде мұндай ыңғайлы әрі пайдалы ұсыныс болған емес», - дейді BI Group қаржылық технологияларды дамыту бөлімінің бастығы Нұрлан Оңғарбаев. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы https://kase.kz/files/emitters/SBER/sber_reliz_271120_kz.pdf мекен-жайында жарияланған. [2020-11-27]