KASE Басқармасы Қаржы құралдарының тәуекел-параметрлерін анықтау әдістемесіне енгізілген түзетулерді бекітті

25.11.20 13:50
/KASE, 25.11.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2020 жылдың 23 қарашасындағы шешімімен "Қаржы құралдарының тәуекел-параметрлерін анықтау әдістемесі" (Әдістеме) атты KASE ішкі құжатына енгізілген № 3 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді, осы түзетулер 202 жылдың 30 қарашасынан бастап қолданысқа енгізіледі. Түзетулер валюталық нарықтың ASTS+ сауда-клирингілік жүйесімен есептелетін және орнатылатын, валюталық нарықтың қаржы құралдарының тәуекел-параметрлерін есептеу әдіснамасын сипаттау мақсатында енгізілді. Бұдан басқа, Әдістеменің мәтініне нақтылау түзетулері енгізілді. Әдістеменің жаңартылған мәтіні жуырдағы уақытта KASE интернет- сайтында "KASE Ережелері" бөлімінде жарияланады – https://kase.kz/ru/kase_rules/ [2020-11-25]