"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ KZ2C00007151 (SKKZb25) облигациялары KASE негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

25.11.20 19:12
/KASE, 25.11.20/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2020 жылдың 25 қарашасындағы "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Нұр-Сұлтан) KZ2C00007151 (1 000 теңге, 129,2 млрд теңге; 3 жыл; тиянақталған жартыжылдық купон; 30/360) облигациялары KASE негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті. Листингілік комиссияның осы шешімі өз күшіне енген датасы туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл- ауқат қоры" АҚ бірінші облигациялық бағдарламасы аясында 21-ші болып, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын ретету және қадағалау агенттігінің 2009 жылдың 03 наурызында жалпы сомасы 750,0 млрд теңгеге тіркелген. "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш акцияларға тиісінше SKKZb25 қысқартылған белгілері берілді. Аталмыш акцияларды шығарылым туралы толығырақ ақпарат, Листингілік комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң, KASE интернет-сайтында жарияланады. [2020-11-25]