"Альфа-Банк" Еншілес Банкі» АҚ Fitch Ratings агенттігі банктің бағасын растағаны туралы хабарлайды, болжам "Негативті" деңгейінен "Тұрақты" деңгейіне өзгертілді

25.11.20 18:01
/KASE, 25.11.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Альфа-Банк" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына, төмендегіні хабарлады: ... 2020 жылғы 23 қарашада Fitch Ratings (бұдан әрі - Fitch) халықаралық рейтингтік агенттігі "Альфа-Банк" АҚ рейтингін растады. Болжам "Негативті" деңгейінен «Тұрақты» деңгейіне өзгертілді. Эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингі шет елдік және ұлттық валютамен "BB-" деңгейінде расталды, болжам "Тұрақты". Эмитент дефолтының қысқа мерзімді рейтингі шет елдік валютамен "B" деңгейінде расталды. Ұлттық ұзақ мерзімді рейтингі "BBB+(kaz)" деңгейінде расталды, болжам "Тұрақты". Растау күні 2020 жылдың "23" қарашасы. ... [2020-10-25]