"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ "АтырауНефтеМаш" ЖШС мұнай сервисі жабдықтары өндірісі бойынша жаңа цехты іске қосқаны туралы хабарлады

24.11.20 18:48
/KASE, 24.11.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстанның Даму Банкі" (Нұр-Сұлтан) Биржаға жолдаған 2020 жылдың 24 қарашасындағы баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасын ұсынды: цитата басы «АтырауМұнайМаш» ЖШС-де заманауи торлы төсем және ыстық мырыштау цех іске қосылды. Цех өткен жылы аяқталған зауытты ауқымды жаңғырту аясында салынды. 2017 жылы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ, Банк, «Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы) «АтырауМұнайМаш» ЖШС (АММ) мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын өндіру бойынша қуатты кеңейту жөніндегі жобаға қаржылық қолдау көрсетті. Енді қазақстандық АММ жабдығы Қазақстанның ірі мұнай-газ кен орындарын әзірлейтін халықаралық компаниялардың талаптарына сәйкес келеді. АтырауМұнайМаш жеткізілімдер үшін қолайлы географиялық орналасуы бар. Өнімді өткізу нарықтары келесі компанияларға тиесілі: Kazakhstan Petrochemical Industries Inc, CNCEC, TCO, COC, KPO, «Маңғыстаумұнайгаз» ақ, «АМӨЗ» ЖШС, KPJV, Sinopec, PetroKazakhstan Inc, PSNK, BI GROUP, «ҚазМұнайГаз» АҚ және Maersk Oil Kazakhstan, GmbH. Қазіргі уақытта зауыт экспортқа арналған алғашқы өнімді шығаруға әзірленуде. Жоғары қысымды сыйымдылыққа неміс компаниясы тапсырыс беріп қойған еді. «АтырауМұнайМаш» ЖШС бас компаниясы – «ANACO» компаниясы өз табысын Қазақстан экономикасына еншілес кәсіпорындар арқылы инвестициялайды. Осындай жобалардың бірі – «АтырауМұнайМаш» ЖШС. Қазақстанның Даму Банкінің жәрдемдесуімен ыстықтай мырыштау жаңа цехының іске қосылуы және бүгінгі күні заманауи және технологиялық жабдықтарды енгізу есебінен батыс өңірді ғана емес, көрші елдердің тапсырыстарын да жоғары сапалы өнімдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін торлы төсем өндірісі кең ауқымды жаңғыртуды және іске қосуды жүргізді». - деп атап өтті «ANACO» ЖШС вице-президенті Гаухар Жексемалиева. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_reliz_241120_1.pdf [2020-11-24]