ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ 2020 ЖЫЛДЫҢ 20 ҚАЗАНЫНАН БАСТАП 30 ҚАРАШАСЫНА ДЕЙІН АКЦИЯЛАР НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖЕКЕ ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТКІЗЕДІ

24.11.20 12:20
/KASE, 24.11.20/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) 2020 жылдың 20 қазанынан бастап 30 қарашасына дейін жеке инвесторлар арасында байқауы өткізілетіні туралы хабарлайды. Іс-шара Қазақстандағы биржалық сауда-саттықты танымал етуге бағытталған. Конкурсқа қатысу үшін тіркелу 2020 жылдың 09 қазанынан 15 қарашаға дейін жүргізіледі. Конкурсқа қатысу үшін электрондық тіркеуден https://kase.kz/ru/events/show/contest/registration/ сілтемесі бойынша өту керек. Байқауға KASE қор нарығы мүшелерінің клиенттері болып табылатын жеке тұлғалар (брокерлер) қатыса алады. KASE мүшелерінің тізімі http://kase.kz/ru/membership/#brokers Байқауға қатысушылардың шартына сәйкес өту кезеңінде KASE Индексінің өкілеттік тізіміне енгізілген, акциялармен нақты сауда-саттыққа қатысады. Байқау өту кезінде қатысушылар көрсетілген акцияларды сатып алу және/немесе сатуға мәміле жасауды талап етеді. Байқаудың жеңімпазы болып акциялармен мәміле жасау кезінде максималды табыс тапқан үш қатысушы танылады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады (смартфондар, планшеттер). Байқау туралы барлық ақпаратпен https://kase.kz/ru/events/show/contest/2020/ мекен-жайында танысуға болады. Барлық сұрақтар бойынша Эмитенттер мен инвесторлармен жұмыс Департаментіне хабарласуға болады: – қала телефоны: +7 (727) 237 6019; – электрондық почта: customers@kase.kz. "Сауда-саттық регламенті және бақылау және қамтамасыз ету жүйесінің жұмысы" KASE ішкі құжатымен https://kase.kz/files/normative_base/reglament_trade_ASTS.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2020-11-24]