KASE Басқармасы "Валюталық нарықтағы сауда-саттықтар тәртіптемелерінің тізімі" атты жаңа ішкі құжатты бекітті

23.11.20 23:20
/KASE, 23.11.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2020 жылдың 20 қарашасындағы шешімімен "Валюталық нарықтағы сауда- саттықтар тәртіптемелерінің тізімі" (Тізім) атты жаңа ішкі құжат бекітілді, осы құжат 2020 жылдың 30 қарашасынан бастап қолданысқа енгізіледі. Тізім валюталық нарықтың қаржы құралдарының сауда-саттықтарын валюталық нарықтың ASTS+ сауда-клирингілік жүйесіне ауыстырылуына байланысты әзірленіп, KASE валюталық нарығында шетел валюталарымен және туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасасуға болатын сауда- саттық тәртіптемелерінің тізімін анықтайды. Тізім жуырдағы уақытта KASE интернет-сайтында "KASE ережелері" бөлімінде жарияланады – https://kase.kz/ru/kase_rules/ [2020-11-23]