KASE Басқармасы "АҚШ долларының теңгеге бағамына жеткізілімді фьючерсінің маманданымы" атты жаңа ішкі құжатын бекітті

23.11.20 23:19
/KASE, 23.11.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2020 жылдың 20 қарашасындағы шешімімен "АҚШ долларының теңгеге бағамына жеткізілімді фьючерсінің маманданымы" (Маманданым) атты жаңа ішкі құжат бекітілді, осы құжат 2020 жылдың 30 қарашасынан бастап қолданысқа енгізіледі. Валюталық нарықтың қаржы құралдарының сауда-саттықтарын валюталық нарықтың ASTS+ сауда-клирингілік жүйесіне ауыстырылуына байланысты, KASE валюталық нарығындағы саудалауға қолжетімді туынды қаржы құралдарының тізімі АҚШ долларының теңгеге бағамына жеткізілімді фьючерстермен толықтырылды. Маманданым шетел влаюталарының нарығында АҚШ долларының теңгеге бағамына жеткізілімді фьючерстермен сауда-саттық жүргізудің стандартты шарттары мен параметрлерін мазмұндайды. Маманданым KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/files/normative_base/specification_currency_new.pdf [2020-11-23]