"Самұрық-Энерго" АҚ итоги за 10 месяцев 2020 жылдың 10 айын қорытындылады және 2021 жылға Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына қатысты

20.11.20 12:17
/KASE, 20.11.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2020 жылдың 20 қарашасында Биржаға жолдаған баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарлады: цитатаның басы ҚР Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) Солтүстік және Оңтүстік аймақтарын жалғап тұрған электр жеткізу желілерінің өткізу мүмкіндігін ескере отырып, электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өтті. Сауда-саттық Электр энергиясы мен қуаты нарығының Қазақстандық операторы – «ЭҚНҚО» АҚ-тың алаңында өтті. ҚР БЭЖ-інің Солтүстік және Оңтүстік аймақтарына тиесілі сауда-саттықтың жиынтық көлемі 5178,91 МВтты құрады. Электр қуатының дайындығын қамтамасыз ету бойынша ұсынылған қызметтің жиынтық көлемі – 5875 МВт. Алдын-ала жасалған есептеулер бойынша, «Самұрық-Энерго» АҚ-тың электр станциялары сауда-саттықта 2768 МВт электр қуатын сатқан, соның ішінде: «Алматы электр станциялары» АҚ – 490 МВт, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ – 625 МВт, «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС – 1653 МВт. цитатаның соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_201120_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_201120.pdf – орыс тілінде. [2020-11-20]