АЗИЯ ДАМУ БАНКІ ӨЗІНІҢ XS2251962903 (ASDBe4) "ЖАСЫЛ" ОБЛИГАЦИЯЛАРЫНА ЖАЗЫЛЫМ ЖҮРГІЗУ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫНДА ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ КУПОНЫНА 10,10 % МАРЖАМЕН 101 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАРЖЫ ТАРТТЫ

19.11.20 23:48
/KASE, 19.11.20/ – Бұрын хабарланғандай, 2020 жылдың 13 қарашасы күні Қазақстан қор биржасында (KASE) сауда-саттық жүйесінің "Жазылым" модулінде Азия даму банкі XS2251962903 (ASDBe4, 1 теңге, 10 097 018 000 теңгеге дейін, 19.11.20 – 22.01.23, actual/360) халықаралық "жасыл" облигацияларына жазылым жүргізу арқылы бастапқы орналастыру бойынша сауда-сатттықтар өткізілді. Аталмыш облигацияларына жазылым жүргізу барысында сатушысы ретінде "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" болды. Жазылымға өтінім қабылдау 2020 жылдың 13 қарашасында алматы уақытымен сағат 9:30 -дан 11:00-ге дейін (ALT) жүргізілді. Орналастыруға номиналды құны 10 097 018 000 теңгені құрайтын (номиналды құны 1 теңгеден 10 097 018 000 данаға дейін) облигациялары ұсынылды. Жазылым аясында KASE сауда-саттық жүйесіне жабық әдіспен берілген, шектеулі және нарықтық өтінімдер қабылданды. Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру деңгейі – 30 %. Өтінімде баға ретінде облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген жарты жылдық купонға тиянақталған маржасының мәні екінші ондық таңбасына дейін дәлдікпен көрсетілген. Нарықтық өтінімдер болған жағдайда баға ретінде "нарық бойынша кірістілігі" көрсетіледі, қаржы құралдарының саны ретінде – теңгемен номиналдық құны көрсетілді. Жазылым жүргізу шарттарымен сатып алушыларға облигациялардың максималды саны бойынша шектеулер қойылмаған. Сауда-саттық жүйесіне барлығы 16 шектеулі өтінім номиналдық құны 25 121 018 000 теңгеге облигацияларды сатып алуға берілді, олардың номиналдық көлемі 18 121 018 000 теңгеге 12 облигациялары өтінімдерді жинақтау аяқталған сәтте белсенді деп танылды. Берілген өтінімдердегі өтеу кірістілігі жылдық 10,05–10,22 %, өтеуге орташа сараланған кірістілігі жылдық 10,12 % құрады. Жазылым кезінде жиынтық сұранымы 18 121 018 000 теңгені құрады, ол ұсыным көлемінің 179,5 % құрады. Екінші деңгейдегі банктердің (ЕДБ) белеснді өтінімдерінің жалпы көлеміне 30,4 %, өзге институционалдық инвесторларға – 41,5 %, өзге заңды тұлғалардың үлесіне – 28,1 %. Орналастыру нәтижесі бойынша жалпы сомасы 10 097 018 000,0 теңгеге жеті өтінім қанағаттандырылды. Эмитент 10 097 018 000 облигацияларды орналастырды, өтеу кірістілігін 10,10 % деңгейінде анықтады. "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) мәліметтері бойынша жазылым нәтижесінде жасалған барлық мәмілелер осы ақпаратты жариялау сәтіне орындалып, жазылым аяқталды. Сонымен қатар, тарту көлемі бойынша ЕДБ 24,8 %, 25,0 % – институционалдық инвесторлар, 50,2 % – өзге заңды тұлғалар сатып алды. [2020-11-19]