Азия даму банкі Қазақстан қор биржасында XS2251962903 (ASDBe4) және XS2251962499 (ASDBe5) "жасыл" халықаралық облигацияларын орналастыра отырып, жазылым арқылы 14,0 млрд теңге тартты

19.11.20 09:40
/KASE, 19.11.20/ – "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ Қазақстан қор биржасына (KASE) келесі мазмұндағы ақпаратты ұсынды: ... Азия Даму Банкі Қазақстан қор биржасында XS2251962903 (ASDBe4) және XS2251962499 (ASDBe5) "жасыл" халықаралық облигацияларын орналастыра отырып, жазылым арқылы 14,0 млрд теңге тартты. Азия даму Банкінің жасыл облигацияларды орналастыруы Қазақстан қор биржасында алғаш рет болды. ... [2020-11-19]