KASE Басқармасы Азия даму банкі жоспарланған XS2251962903 және XS2251962499 халықаралық облигациялары шығарылымына KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілуіне келісім берді

05.11.20 18:48
/KASE, 05.11.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2020 жылдың 05 қарашасындағы шешімімен Азия даму банкі XS2251962903 және XS2251962499 халықаралық облигациялары шығарылымы KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздар" санатына енгізілді. Аталмыш облигацияларды енгізу бастамашысы Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ болып табылады. KASE Басқармасының аталмыш шешімі "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.5. қосымшасының 2 тарауы 1) тармақшасының шарттарын іске қосу бастамашысы орындағаннан кейін күшіне енеді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында KASE Басқармасының аталмыш шешімі күшіне енген соң жарияланады. [2020-11-05]