17 қарашадан бастап Азия даму банкі XS2251962903 (ASDBe4) және XS2251962499 (ASDBe5) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілді

16.11.20 23:14
/KASE, 16.11.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2020 жылдың 17 қарашасындағы шешімімен Азия даму банкі халықаралық облигациялары KASE ресми тізіміне "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы бойынша енгізуге келісім берілді: - XS2251962903 (1 000 теңге, 10 097 018 000 теңге, 19.11.20 – 22.01.23; тоқсандық купон, жылдық 10,10 %; actual/360); - XS2251962499 (1 000 теңнге, 3 875 505 000 теңге, 19.11.20 – 22.10.22; тоқсандық купон, жылдық 10,12 %; actual/360). Аталмыш облигациялардың рұқсаттама бастамашысы "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ болып табылады. Аталмыш шешім 2020 жылдың 17 қарашасынан бастап күшіне енеді. Аталмыш облигациялардың сауда-саттығы ашылуы туралы Қазақстан қор биржасында қосымша жарияланады. Осы облигацияларға ASDBe4 және ASDBe5 қысқартылған белгісі (сауда- саттық коды) берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында http://kase.kz/ru/issuers/ASDB/ жуырдағы уақытта жарияланады. [2020-11-16]