"Halyk Finance" АҚ 2,0 млрд теңге көлемінде несие алды

13.11.20 12:08
/KASE, 13.11.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Халық Банкінің Еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы, тақырыптамада – "Halyk Finance" АҚ), 2020 жылдың 11 қарашасында 2,0 млрд теңге көлемінде несие алғаны туралы Биржаға хабарлады. Несие алудың мақсаты – айналым қаржыларын толықтыру. Толық ақпарат KASE интернет-сайтында - https://kase.kz/files/emitters/HFIN/hfin_big_loan_111120_757.pdf [2020-11-13]