"АТФБанк" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 28 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
13.11.20 09:43
/KASE, 13.11.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "АТФБанк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің
акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 28 қазанындағы жағдай
бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны 5 021 972 000 дана;
- банктің 45 294 733 жай акциялары орналастырылған;
- банк өзінің 29 190 акциялары кері сатып алды;
- банктің орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі
санына иеленген жалғыз тұлға Г.Ш.Есенов болып табылады, оның меншігінде 45
159 274 жай акциясы (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан 99,77%
немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 99,70%) бар.
[2020-11-13]