13 қарашадан бастап "АТФБанк" АҚ XS0274618247 (ATFBe7) облигациялары айланыс мерзімі аяқталуына байланысты KASE реми тізімінен алып тасталды

12.11.20 18:05
/KASE, 12.11.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "АТФБанк" АҚ XS0274618247 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, ATFBe7; $100,0 млн; мерзімсіз, айналым мерзімінің басталуы – 10.11.06; жылжымалы жартыжылдық купон, соңғы купондық кезеңге жылдық 8,024 %, actual/360) халықаралық облигациялары 2020 жылдың 13 қарашадан бастап айналыс мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен алып тасталғаны туралы хабарлайды. "АТФБанк" АҚ 2020 жылдың 13 қарашасындағы хатпен KASE 2020 жылдың 12 қарашасындағы аталмыш облигацияларды мерзімінен бұрын өтеу туралы хабарлады. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ 2020 жылдың 12 қарашасындағы KASE, 2020 жылдың 11 қарашасындағы аталмыш облигацияларды мерзімінен бұрын өтеу туралы есепке алу жүйесінде тіркелгені туралы хабарлады. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2012 жылдың 03 қазанынан бастап, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына енгізілді, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап, KASE ресми тізімінің негізгі алаңында "облигациялар" санатына енгізілді. Олардың сауда-саттығы 2020 жылдың 04 желтоқсанынан бастап ашылды. [2020-11-12]