"АТФБанк" АҚ XS0274618247 (ATFBe7) халықаралық облигацияларын мерзімінен бұрын өтегені туралы хабарлады

12.11.20 17:53
/KASE, 12.11.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "АТФБанк" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына компания 2020 жылдың 10 қарашасында XS0274618247 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, ATFBe7) халықаралық облигациялары және аталмыш облигациялар бойынша купондық сыйақы мерзімінен бұрын өтегені туралы хабарлады. Банк хабарламасына сәйкес аталмыш облигациялар бойынша негізгі қарыздың өтеу сомасы 100 000 000 АҚШ долларын, купондық сыйақы – 4 079 059,83 АҚШ долларын құрады. [2020-11-12]