2020 жылдың 16 қарашасынан 15 желтоқсанына дейін "Биржалық симулятор" атты білім беру жобасы аясында оқу сауда-саттығы өткізіледі

12.11.20 12:21
/KASE, 12.11.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2020 жылдың 16 қарашасынан 15 желтоқсанына дейінгі кезеңде Қазақстанның және өзге елдердің жоғары оқу орындары студенттері үшін ұйымдастырылған Биржалық симулятор" атты білім беру жобасы аясында оқу сауда-саттығын өткізеді. Жобаның серіктестері "Фридом Финанс" АҚ, "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ, "Сентрас Секьюритиз" АҚ және Refinitiv. Оқу сауда-саттығы Қазақстан қор биржасында 2020 жылдың 16 қарашасында Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 09:00 – да өтеді. "Биржалық симулятор" жобасының мақсаты – қаржы-экономикалық студенттер және өзге де өзінің кәсіби білімін жетілдіремін деуші мамандар үшін қаржылық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қор нарығында тәжірибелік дағдыларға үйрету. Жоба алғаш рет 2008 жылдың 29 шілдесінде басталған және KASE он екі жыл қатарынан өткізіп келеді. Жобаға қатысу мәселесі бойынша электрондық поштамен em@kase.kz, g.akim@kase.kz. хабарласуға болады. [2020-11-12]