12 қарашадан бастап Еуропа даму және қайта құру банкі XS2252216937 (EBRDe12) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілді

11.11.20 10:17
/KASE, 11.11.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2020 жылдың 12 қарашасындағы шешімімен Еуропа даму және қайта құру банкі XS2252216937 (1 000 тенге, 80,0 млрд тенге, 12.11.20 – 12.11.24; жылжымалы жартыжылдық купон – Қазақстан Республикасындағы инфляция +1 %; actual/360) облигациялары KASE ресми тізіміне "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы бойынша енгізуге келісім берілді. Аталмыш облигациялардың рұқсаттама бастамашысы "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ болып табылады. Аталмыш шешім 2020 жылдың 12 қарашасынан бастап күшіне енеді. Аталмыш облигациялардың сауда-саттығы ашылуы туралы Қазақстан қор биржасында қосымша жарияланады. Осы облигацияларға EABRb12 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында http://kase.kz/ru/issuers/EBRD/ жуырдағы уақытта жарияланады. [2020-11-11]