"Самұрық-Энерго" АҚ бүгін энергия үнемдеу халықаралық күнін атап өтуде

11.11.20 12:24
/KASE, 30.10.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2020 жылдың 11 қарашасында Биржаға жолдаған баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарлады: цитатаның басы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заң 2019 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен: «Энергия үнемдеу күні – 11 қараша» деген жаңа тармақпен толықтырылғаннан кейін, Қазақстанда бұл маңызды күн екі жылдан бері атап өтілуде. Әлемде энергия тұтыну деңгейі өсіп келе жатқаны мәлім. Ғаламшар тұрғындары бүгінде сан-қилы тұрмыстық техникасыз, гаджеттерсіз, ұйымдастыру техникасыз, компьютерсіз толыққанды өмір сүруден қалғандай... Бір өкініштісі – бұл үдерістің табиғи ресурстарды сарқылту, қоршаған ортаны ластау секілді теріс жағы бар. Халықаралық мереке қоғамдастық пен биліктің назарын энергия үнемдеудің маңыздылығына аудару мақсатында тағайындалған. цитатаның соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_111120_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_111120.pdf – орыс тілінде. [2020-11-11]