"Байтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ облигациялары KASE негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

09.11.20 15:30
/KASE, 09.11.20/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2020 жылдың 06 "Байтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Нұр-Сұлтан) келесі облигациялары KASE негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті: KZ2C00007052 (1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 10 жыл, жарты жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда- саттық қорытындысы бойынша анықталады, 30/360); KZ2C00007060 (1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 10 жыл, жарты жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда- саттық қорытындысы бойынша анықталады, 30/360); KZ2C00007078 (1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 7 жыл, жарты жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда- саттық қорытындысы бойынша анықталады, 30/360); Листингілік комиссияның осы шешімі өз күшіне енген датасы туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігі 2020 жылдың 30 қазанында тіркеген, "Байтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ бірінші-үшінші облигациялық бағдарламасы аясында 200,0 млрд теңгеге бірінші болып табылады. "Байтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ болып табылады. Аталмыш акцияларға тиісінше BTRKb4, BTRKb5 және BTRKb6 қысқартылған белгілері берілді. Аталмыш акцияларды шығарылым туралы толығырақ ақпарат, Листингілік комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң, KASE интернет-сайтында жарияланады. [2020-11-09]