АНОНС: ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ 2020 ЖЫЛДЫҢ 09 ҚАРАШАСЫНДА "ИНВЕСТОРЛАРМЕН ЖАҢА БОЛМЫСТА ӨЗАРА ӘРЕКЕТ ЕТУ" АТТЫ ZOOM ОНЛАЙН-СЕМИНАР ӨТКІЗЕДІ

05.11.20 09:18
/KASE, 05.11.20/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) 2020 жылдың 09 қарашасында барлық қатысам деушілерге "Инвесторлармен жаңа болмыста өзара әрекет ету" атты Zoom онлайн-семинар өткізетіні туралы хабарлайды. Семинардың басталуы – алматы уақытымен 15:00. Семинарға қатысу - тегін. Семинардың мақсаты: қазақстандық компаниялардың қызметкерлерін Investor Relations (IR) жүйесін қалыптастырудың ролі, маңыздылығы және компания ішіндегі халықаралық тәжірибе қалыптастыру тәжірибесімен таныстыру. Семинарда инвесторлардың компанияға қызығушылығын арттырудың және инвесторлармен байланыстың негізгі арналарының негізгі аспектілері ұсынылады. Білім беру бағдарламасы тыңдаушыларға инвесторлармен өзара байланыс тұжырымын пайдалануға, сондай-ақ оны жаңа болмыста қолдануға тәжірибелік білім алуға мүмкіндік береді. Семинар спикері: Градислава Ахметова 2011 жылдың шілдесінен қазіргі уақытқа дейін "Governance & Management Consulting" консалтинг компаниясының негізін қалаушы және бас директоры болып табылады. 2009 - 2011 жылдардағы кезеңде Орта Азия корпоративтік басқару бойынша IFC Жобасында (Халықаралық Қаржы Корпорациясы, Бүкіләлемдік Банк тобының мүшесі) кеңесші болып жұмыс істеді. Корпоративтік басқару бойынша сарапшы. Никита Павлов 2008 жылы Ресейдің банк секторында капитал нарығы талдаушысы болып жұмыс істеді. Әрі қарай – БКС, ірі ресей брокері болды, онда капитал нарғы өнімдерін сатуға жауап берді. РБК компаниясының талдау жасау бағытында еңбек етті, екінші эшелон акциялары мен борыштық нарыққа талдау жасауға жетекшілік етті. 2011 жылдан бастап, Refinitiv жұмыс істейді, Шығыс Еуропа және ТМД елдеріндегі сатуға, сондай-ақ Lipper арнайы бағдарламасына жетекшілік етті. Виктор Литвинов Биржада 12 жылдан астам уақыт жұмыс істейді, Мониторинг департаментін басқарады. Оның бағыты – эмитенттер мен Биржа мүшелерінің ақпарат ашу бойынша міндеттемелерін сақтауға бақылау жасау, сондай-ақ, эмитенттер және олардың бағалы қағаздарына, Биржа мүшелерінің белгіленген тәртіпке сәйкестігін қадағалайды. Алмаз Масалин "ҚазТрансОйл" АҚ инвесторлармен байланыс бойынша қызмет жетекшісі. Zoom конференцииясына келесі сілтеме бойынша қосыуға болады. Конференция идентификаторы: 951 1529 4024 Код: 682950 Қатысу мәселесі бойынша Эмитенттер мен инвесторлармен жұмыс департаментіне келесі байланыстар бойынша хабарласу қажет: – жұмыс телефоны: +7 727 237 5320; – электрондық пошта: customers@kase.kz [2020-11-05]