/KASE, 04.11.20/ – "First Heartland Jýsan Bank" АҚ (Нұр-Сұлтан) және
"АТФБанк" АҚ Қазақстан қор биржасына (KASE) 2020 жылдың 03
қарашасындағы бірлескен баспасөз мәлімдемесін ұсынды:
цитата басы
Jýsan Bank пен АТФБанк акционері Г.Есенов АТФБанк акцияларының
99,76%-ын Jýsan банктің сатып алуы туралы алдын-ала келісімге келді.
Қол қойылған келісім шеңберінде 2020 жылғы қараша айында тараптар
АТФБанк акцияларын сатып алу-сату шартын жасасуға ниетті. Сатып алу-
сату шартын жасасқаннан, сондай-ақ ҚР қаржы нарықтарын реттеу және
дамыту агенттігі оны мақұлдағаннан кейін, АТФБанктің акционері Jýsan
Bank қосымша эмиссиясының шеңберінде Jýsan банктің акцияларының бір
бөлігін сатып алады.
Сонымен қатар, сатып алу-сату келісім шарты жасалғаннан кейін, екі банк
біртұтас стратегия шеңберінде бірыңғай форматта жұмыс істейді деп
болжануда.
Түрлендіру барысында АТФБанктің барлық сервистері жұмысын стандартты
режимде жалғастырады, бұл клиенттер үшін АТФБанктің қолданыстағы
қызметтеріне қолжетімділікті толық көлемде сақтайды және қамтамасыз
етеді.
цитата соңы
Баспасөз мәлімдемесі -
https://kase.kz/files/emitters/TSBN/tsbn_reliz_031120_1.pdf
[2020-11-04]