"First Heartland Jýsan Bank" АҚ және "АТФБанк" АҚ акционері "First Heartland Jýsan Bank" АҚ "АТФБанк" АҚ 99,76% акцияларын сатып алу туралы алдын ала келісімге келді

03.11.20 10:49
/KASE, 03.11.20/ – "First Heartland Jýsan Bank" АҚ (Нұр-Сұлтан) және "АТФБанк" АҚ Қазақстан қор биржасына (KASE) 2020 жылдың 03 қарашасындағы бірлескен баспасөз мәлімдемесін ұсынды: цитата басы Jýsan Bank пен АТФБанк акционері Г.Есенов АТФБанк акцияларының 99,76%-ын Jýsan банктің сатып алуы туралы алдын-ала келісімге келді. Қол қойылған келісім шеңберінде 2020 жылғы қараша айында тараптар АТФБанк акцияларын сатып алу-сату шартын жасасуға ниетті. Сатып алу- сату шартын жасасқаннан, сондай-ақ ҚР қаржы нарықтарын реттеу және дамыту агенттігі оны мақұлдағаннан кейін, АТФБанктің акционері Jýsan Bank қосымша эмиссиясының шеңберінде Jýsan банктің акцияларының бір бөлігін сатып алады. Сонымен қатар, сатып алу-сату келісім шарты жасалғаннан кейін, екі банк біртұтас стратегия шеңберінде бірыңғай форматта жұмыс істейді деп болжануда. Түрлендіру барысында АТФБанктің барлық сервистері жұмысын стандартты режимде жалғастырады, бұл клиенттер үшін АТФБанктің қолданыстағы қызметтеріне қолжетімділікті толық көлемде сақтайды және қамтамасыз етеді. Jýsan Bank First Heartland Securities инвестициялық компаниясының еншілес ұйымы болып табылады. Jýsan Bank, дәстүрлі банктік сервистердің кең желісінен басқа, Jýsan қаржы тобы компанияларының өнімдері мен қызметтерін: Jýsan Invest брокерлік қызметтерін және Jýsan Garant сақтандыру қызметтерін біріктіретін өз экожүйесін дамытуда. Байланыс үшін: Jýsan Bank баспасөз қызметі Тел.: +7 (727) 331-26-00 ішкі нөм. 1215 E-mail: s.chikin@jysanbank.kz АТФБанктің баспасөз қызметі Тел.: +7 (701) 771-15-43 E-mail: pr@atfbank.kz цитата соңы Баспасөз мәлімдемесі - https://kase.kz/files/emitters/TSBN/tsbn_reliz_031120_1.pdf [2020-11-03]