2020 ЖЫЛДЫҢ 04 ҚАРАШАСЫНАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ, KASE ИНДЕКСІНІҢ МӘНІНЕ ӨКІЛЕТТІ ТІЗІМІНЕ КІРЕТІН, АКЦИЯЛАРДЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІН ӨЗГЕРТТІ

02.11.20 14:18
/KASE, 02.11.20/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің 2020 жылдың 30 қазанындағы шешімімен 2020 жылдың 04 қарашасынан бастап KASE индексінің өкілетті тізіміне енетін акциялардың жаңа параметрлері – еркін айналыстағы акциялардың үлесі және шектеу коэффициенттері – анықталды. Төменде берілген кестеде KASE Индексінің мәніне ықпал ететін, акциялардың қолданыста болған және жаңа параметрлері көрсетілген. -------------------------------------------------------------------------------- 2020 жылдың 04 қарашасынан бастап 2020 жылдың 04 қарашасына дейін -------------- ------- ------------ -------------- ------- ------------ орналастыры free шектеулі орналастыры free шектеулі Акциялар лған float коэф- лған float коэф- коды акциялар саны (Fi), % фициент (Ri) акциялар саны (Fi), % фициент (Ri) -------- -------------- ------- ------------ -------------- ------- ------------ CCBN 180 009 899 38,4 1,0000000 180 009 899 38,4 1,0000000 GB_KZMS 480 723 977 68,9 0,0494826 480 723 977 61,3 0,0640641 HSBK 11 754 049 397 35,5 0,1178215 11 754 049 397 35,5 0,1129389 KCEL 200 000 000 25,0 0,3944375 200 000 000 25,0 0,4348231 KEGC 259 998 610 10,0 1,0000000 259 998 610 10,0 1,0000000 KZAP 259 356 608 25,0 0,1367491 259 356 608 25,0 0,1409418 KZTK 10 706 024 23,0 0,8669961 10 706 024 23,0 0,8271416 KZTO 384 628 099 10,0 1,0000000 384 628 099 10,0 1,0000000 -------------------------------------------------------------------------------- КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ KASE индексі – KASE акция нарығының индексі, ол аталмыш индексті есептеу үшін өкілетті тізімге енгізілген акциялар бағасының өзгеруін, олардың эмитенттерінің капитализациясын және еркін айналыстағы (free float) бұл акциялар санын ескере отырып, көрсетеді. Бір атаулыдағы акцияның KASE индексіне ықпалы 15 %-дан аса алмайды. KASE индексі осы индексті есептеу үшін өкілетті тізімдегі атаулы акцияларымен мәміле жасау шамасына қарай сауда-саттық күні барысында есептеледі. Параметрлері KASE индексін есептеуге қажетті, мәмілелер сауда-саттық күні барысында жасалмаса, мұндай есептесулер мақсатында соңғы нәтижелі сауда-саттық сессиясының нәтижелері қолданылады. Индексті есептеу әдістемесі "Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатында берілген, ол KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met_kaz.pdf мекен-жай бойынша жарияланған. Индекс беті http://www.kase.kz/kz/index_kase мекен-жай бойынша жарияланған. Акция коды: биржада сатылатын, бағалы қағаздар эмитентінің кодын (алғашқы 4 таңбасы, сондай-ақ жай акция коды): акция санатын (егер бесінші таңба "p" болса, онда артықшылықты акция); акция шығарылымының реттік нөмірі (қажет болған жағдайда, алтыншы сандық таңба) көрсетіледі. Эмитенттердің кодтары: CCBN – " ЦентрКредит Банкі" АҚ; GB_KZMS – KAZAKHMYS PLC; HSBK – "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ; KCEL –"Кселл" АҚ; KEGC – "Қазақстан электр желілерін басқару компаниясы" АҚ (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOC" (KEGC); KZAP – "Казатомпром" Ұлттық атом компаниясы" АҚ; KZTK – "Қазақтелеком" АҚ; KZTO – "КазТрансОйл" АҚ. Орналастырылған акциялар саны – листингілік компания акционерлерінің тізілімі жүйесінің үзінді көшірмесінің мәліметтері немесе компанияның ақпараты негізінде, қайта сатып алынғандарды есептемегенде, листингілік компанияның орналастырылған акциялар саны ретінде, KASE дербес түрде анықтайтын, параметр. Биржа KASE Индексін есептеу кезінде орналастырылған акциялардың биржадағы құжаттармен расталған санының мәнін ескереді. Free float (Fi), % – мемлекетке, эмитент менеджментіне және, эмитенттің жай акцияларының жалпы санынан бес және одан көп көлеміндегі пайызына иеленген, акционерлерге тиесілі емес, KASE Тәуекел комитетінің шешімімен стратегиялық деп танылмаған (есептік қызмет көрсету қызметін атқаратын институционалды инвесторлар, номиналды иелері және т.б.) акционерлерді қоспағанда, акциялардың саны ретінде KASE анықтайтын параметр. Шектеу коэффициент (Ri) – әрбір акцияның индекс мәніне ықпалын он бес пайызға дейін шектейтін, параметр. [2020-11-02]