"Қазмұнайгаз" Ұлттық Компаниясы" АҚ 2020 жылдың тоғыз айына өндірістік есебі туралы хабарлады

30.10.20 13:25
/KASE, 30.10.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Қазмұнайгаз" Ұлттық Компаниясы" АҚ (Нұр-Султан) Қазақстан қор биржасына 2020 жылдың 30 қазанында келесі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Қазақстанның вертикалды-интеграцияланған мұнай газ компаниясы "Қазмұнайгаз" Ұлттық Компаниясы" АҚ (әрі қарай – "КМГ", "Компания"), 2020 жылдың тоғыз айына өндірістік нәтижелерін жариялады. 2020 жылғы тоғыз айындағы басты оқиғалар: - Мұнай мен газ конденсатын өндіру деңгейі 16 423 мың тоннаны құрап, 6,6% азайды; - Мұнай мен газ тасымалдау сегменті салыстырмалы түрде тұрақты, 5,2% және 14,7% азайып, 55 225 мың тонна мұнай мен 63 448 млн м³ газды құрады; - Отандық және румын мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 14,4%-ға азайып, 13 081 мың тоннаны құрады. цитата соңы Баспасөз хабарламасы KASE интернет-сайтында: - орыс тілінде https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_301020_1.pdf - ағылшын тілінде – https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_301020_eng_1.pdf [2020-10-30]